Оралда медицина қызметкерін ұрған күдікті қамалды
Оралда мейіргерді соққыға жыққан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға таңғы сағат 04:30 шамасында қалалық көпбейінді ауруханада болған. Өткір панкреатит диагнозымен жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілген науқас медициналық қызметкерге тап берген. Әуелі одан медбике жеке мәліметтерін сұраған кезде қарсылық білдіріп, дөрекі сөйлеген. Сол кезде ескерту жасаған мейіргердің жағасына жармасып, ұрып жіберген. Полиция хабарлама түскен бойда оқиға орнына барып, азаматты ұстаған. Қазір бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Диас Жайлаубайұлы, қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:
Науқас біздің медициналық қызметкерлерге әдепсіздік танытып, дөрекі сөз сөйлеп, қол көтерген болатын. Кейіннен науқасты хирург дәрігерлер қарап, барлық зерттеу жүргізіп, алғашқы ем көрсетіп, амбулаториялық емге, яғни үйге жіберген болатын. Кейін медициналық қызметкерлер өтініш жазып, полиция департаментіне жүгінді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17