Басты Жаңалықтар Бельгиялық фермер Брюссель алаңына трактормен картоп төкті

Бельгиялық фермер Брюссель алаңына трактормен картоп төкті

Бельгиялық фермер Брюссельдің басты алаңына тракторымен келіп, бір тоннаға жуық картоп төкті. XVII ғасырда салынған Grand Place алаңына әдетте көлікпен кіруге рұқсат жоқ. Дегенмен жас шаруа тәртіпке бағынбай, трактормен орталық алаңға өзі өсірген картобын төгу арқылы Еуроодақ пен Меркосур арасындағы келісімге қарсы наразылық білдірді.

Фермердің айтуынша, келісім күшіне енсе, Латын Америкасының сапасыз тауарлары Еуропа нарығын жаулап, әділетсіз бәсекелестік орнайды. Заңсыздыққа жол берген Орельен Ольвуды полиция бір тәулікке қамап, тракторын тәркілеген. Шаһарды ластағаны үшін шаруа енді қомақты айыппұл төлеуге міндетті.

Осыны естіген Бельгия фермерлері әріптестеріне қолдау көрсету үшін қор ашып, бір тәулікте он бес мың еуро жинаған. Орельен Ольву заң бұзғанын мойындап, Бельгия патшасы Филлиптен рақым сұрайды.


Бөлісу