Төрт жылда транзиттік жүк көлемі 2,5 есе артады
Соңғы 10 жылда Қазақстан арқылы тасымалданған жүк көлемі екі есе артты. Ал 2029 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш тағы 2,5 есе өседі. Экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының пайымы - осы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанды Еуразияның ірі көлік-логистикалық хабына айналдыру мақсаты қойылғанын атап өтті. Қазіргі таңда бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салу және жаңғырту, 11 мың шақырым теміржолды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар 4 жаңа әуежай салынып, қолданыстағы аэропорттардың өткізу мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Стратегиялық маңызы бар бағыттарға автожолдар да салынуда.
Гүлім Сман, экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы:
Тасымалдау көлемінің ұлдғаюы экономикалық тұрғыда бірнеше бағыттарға әсер етеді. Транзиттік инфрақұрылымның кеңейтілуі экспорттық нарыққа ары қарай жаңа жолдар ашуға өз мүмкіндіктерін береді. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің дамуына да өз ықпалын береді. Логистикалық қызметтердің дамуы елдің жалпы ішкі өнімінің құрамындағы маңызды бір бөлігі. Яғни логистикалық қызметтер өскен жағдайда жалпы ішкі өнім одан да өседі деген мағынаны білдіреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы