Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
- Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады. Жанат Элиманов бір жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 1 мыңнан астам қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге өтемақы ретінде жалпы сомасы 141 миллиард теңге берілген. 128 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаң анықталды. Есірткі саудасы арқылы келген табысын заңдастыруға қатысы бар 1 мыңнан астам онлайн криптовалюта айырбастау қызметі мен 20 мың дроп‑карта бұғатталды. Сондай-ақ Агенттік қызметкерлері контрабандалық жолмен шетелге 102 мың тонна бензин шығармақшы болғандарды әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алған. Бұдан бөлек тұрғындарды онлайн-казиноларға тәуелділіктен қорғау жайы айтылды. Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15