Қазақ актер голливуд фильмдеріне түсіп жүр
Күні кеше мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхьбатында «шетелде жұмыс істеп, түрлі салада табысқа жеткен қазақтар туралы мақалаларды қызығушылықпен оқимын» деген еді. Расында да, өзге елге барып, жетістікке жеткен адамдардың кейсі көпшілікке қызықты әрі еңбек етуге ынталандыратын мысал. Сондай азаматтар жайлы біз де үнемі материал дайындап, ұсынып келеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз ағылшынша мүлде білмесе де кезінде АҚШ-қа барып, қазір үлкен экрандарда шығып жатқан фильмдерде негізгі рөлдерді сомдап жүр. Толығырақ келесі материалда.
Әйгілі «Рекетир» фильмінде Асланның рөлін сомдаған Айдар Мұхаметжанов қазір
АҚШ-та тұрады. 2013 жылы көшіп келген. «Ректериден» кейін актерлік жұмысын
Америкада жалғастырғысы келген. Бірақ ол
кезде тіл білмей, қиналғанын айтады.
Сол кастингті өткізген адамдар да күлді. Мынау қалай келіп тұр, мынау даже сөйлей алмайды, мынау кім деп.
Осылайша Айдар тіл үйренуді бастайды. Сан-Диего қаласындағы колледжде актерлік мамандыққа оқиды. Жұмысты қатар алып жүреді. Қазір өзінің жеке кәсібі бар. Оннан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар америкалықтардың көшіп-қонуына көмектеседі.
Айдар Мұхаметжанов, актер:
Адамдар көшкен кезде біз көмектесеміз. Көшіруге көмектесеміз. Мына жақта енді көшу қиын. Біз жақта секілді емес, ағайын, дос-жаран көмектесіп, асарлату жоқ, мына жақта қиынырақ. Адамдарға сондай қызмет керек. көшу үшін.
Америкада әр адамның мүмкіндігі тең. Еңбек етсең, ақталады, жемісі болады. Ең бастысы осы жердің заңына бағыну.
Ең бастысы сол налогты төлеу керек. Уақытында төлеу керек. Налогты уақытында төлемесең, ол мынау кісі өлтіруден де қиын дейді ғой. Просто отырғызып тастайды.
Жұмыс – күнкөріс үшін. Кино – арман жолы. Айдар Америкада шығып жатқан «Сен менің әлемімді өзгерттің», «Үнсіз ұсыныс» сияқты бірнеше фильмде басты және қосалқы рөлдерді сомдаған.
Айдар Мұхаметжанов, актер:
Общий киноға түскен фильмдерім оннан асады, Соның жартысы мынау Америкада. Мына жерде тумағаннан кейін акцент болады. Бірақ ол сенің ерекшелігің, сен одан құтыла алмайсың. Сен одан құтылсаң да, құтылмасаң да жақсы. Жаман жері жоқ.
Айдардың жасы 50-ге таяп қалса да, оқуды, ізденісті тоқтатпақ емес. Калифорния штатында университетті аяқтады, қазір Лондонда магистрлік білімін алып жатыр. Арман мен мақсат жолында кеш деген түсінік жоқ. Ол Голливудтың үлкен экрандарында қазақша ацкентпен, үнімен, жарқырай түсетініне сенімді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы