Баянауылдағы демалыс аймақтарында кәріз жүйесі жоқ
Елімізде туризмді дамытуға қолайлы аумақтардың бірі Баянауыл. Бірақ әйгілі Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр демалыс айлақтарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым сын көтермейді. Сондай-ақ ұялы байланыс, интернет сапасы нашар. Мәселен, соңғы бес жылда жағажайда демалыс үйлері көптеп салынып жатыр. Бірақ орталықтандырылған су құбыры жоқ. Кәріз жүйесі мүлдем қарастырылмаған. Қалдықтардың бәрі уақытша қазылған шұңқырға құйылып, толған соң ғана арнайы көліктермен сыртқа шығарылады. Парламент мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова қасиетті өлке, киелі мекендегі бұл олқылықты дереу шешу қажет, дейді. Себебі, аталған өлке ерекше қорғалуға тиіс Ұлттық табиғи парк статусына ие.
Екатерина Смолякова, Мәжіліс депутаты:
Септик мәселесі, канализация мәселесі өте бір күрделі мәселе болып тұр. Тіпті мына адамдар көп мезгілде күніне 10 машина кәріз шығарады дейді. Бұл кәсіпкер үшін көп шығынға апарып тірейтін мәселе. Экология үшін де өте бір өзекті. Тиісті мемлекеттік органдармен, сарапшылармен жұмыс істеп, ары қарай жұмыс істейтін боламыз бұл бағытта.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрық портының әлеуеті артып келеді
09.06.2026, 20:16
Балалар арасында танымал бабл-ти сусынының зияны қандай?
09.06.2026, 20:15
Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06