«Алтын жас» жобасы: 500-ге жуық зейнеткер еңбек етіп жүр
Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4 пайыздан аспайды. Облыста
былтыр 20 мыңнан аса тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылса, «Алтын жас» жобасының
арқасында 500-ге жуық зейнеткер еңбек етіп жүр. Ләззат Кәрібаева 42 жыл бойы
балаларға әріп танытып, әліппесін арқалап келеді. Былтыр көптен күткен зейнет
жасына жетсе де, ұстаздықтан қол үзбеді. «Алтын жас» бағдарламасы арқылы
бүгінде арнайы даярлық орталығында жұмыс істеп жүр.
Ләззат Кәрібаева, мұғалім:
Бос отырғанша жұмыс істейін деп, мансап орталығына бардым. 2024 жылдан бастап осында жұмыс істеймін. Түске дейін 5 баланы 1 сыныпқа дайындаймын, түстен кейін 5 балаға үй жұмысын орындауға көмектесемін.
Кейіпкеріміз сынды өңірде 500-ге жуық зейнеткер жұмыспен қамтылған. Оларға еңбек
ақысының 50 пайызын мемлекет, қалғанын жұмыс беруші төлеуі тиіс. Ал «Күміс жас»
жобасы арқылы бүгінде 2000 жуық тұрғын еңбек етуде. Солардың бірі жақында ғана
Қарағандыға қоныс аударған Жарқынай Айтуова.
Жарқынай Айтуова, тігінші:
Мен қаланы білмеймін. Келген кезде ештеңе білмедім. Мансап орталығы үйге жақын екен, сол жақта көмектесті. Зейнетке жақын адамдарды жұмысқа ала бермедйі. Жұмыс істеймін деген адам үйде отырмай іздену керек, сұрау керек.
«Күміс жас» бағдарламасы арқылы 50-ден асқан кез келген тұрғын зейнет жасына
дейін жұмысқа тұра алады. Бастысы ынта болса, арнайы тегін курстарды оқып,
кез-келген саланы меңгеруге болады.
Нұржан Сыздықов, облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:
Мекемелермен келісім шартқа отырады. Бірінші жылы 70, екінші жылы 65, үшінші жылы 60 пайызын мемлекет төлейді. Жалақы 30 АЕК аспауы керек. Ары қарай 3 жылдан соң ол кісі тұрақты жұмыс жасап зейнетке де шыға алады.
Өңірде былтыр 56 мыңнан аса азамат жұмыссыз
ретінде тіркелген. Олардың 21 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды. Басым бөлігі
жұмысшы мамандықтар. Алайда өңірде дәнекерлеуші, электромонтер,сантехник,
слесарь токарь, ағаш ұстасы, тігінші сынды мамандар әлі де жетіспейді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ актер голливуд фильмдеріне түсіп жүр
12.01.2026, 17:39
Ақмола облысында оқушылар экологиялық ойынға қатысты
12.01.2026, 17:37
Баянауылдағы демалыс аймақтарында кәріз жүйесі жоқ
12.01.2026, 17:35
Қызылорда облысының Мергенсай ауылында мектеп ашылды
12.01.2026, 17:30
Өнертапқыш ЖИ көмегімен диагностикалық жүйе ойлап тапты
12.01.2026, 17:27
Шекарадағы үш ауыл кеңжолақты интернетке қосылды
12.01.2026, 17:24
Мал шаруашылығын дамыту – маңызды қадам
12.01.2026, 17:21
Сенат депутаттары өңірлерге сапарын қорытындылады
12.01.2026, 17:19