Өнертапқыш ЖИ көмегімен диагностикалық жүйе ойлап тапты
Шымкенттік 15 жасар Әрсен Алмасхан жасанды интеллектке негізделген диагностикалық жүйе ойлап тапты. Ол пациенттің 16 түрлі көрсеткішіне сүйене отырып, қант диабетімен қоса бірнеше ауру қаупін қысқа мерзімде анықтай алады.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Бұл бағдарлама тек бірнеше секундтың ішінде қант диабеті болу ықтималдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни жүйе сізге 16 параметр бойынша сұрақ қояды, жауабын ЖИ талдайды. Бұл жерде жас ғалымның негізгі идеясы ЖИ технологияларымен кванттық физика элементтерін біріктіру арқылы медицина саласын дамытуға өз үлесін қосу.
Жол көрсететін бағдарлама болуы керек. Себебі дәрігерлер қандай ауру екенін таба алмай жатса, олар әр ауруды тексеріп шығады. Мысалы менің қарындасыммен сондай болды. Ал ЖИ бір уақытта бірнешеуін сразу зерттеп, айтуы мүмкін: мынау зат 78, мынау 88 пайыз деп. Сол кезде дәрігерлер тезірек табуы мүмкін. Мысалы 3-4 айдың орнына 1 айдан аз уақыт кетер еді.
Қазір жүйе тек диабетті анықтайды. Ал жоба толық іске асса, ол веб-сайт немесе мобильді қосымша ретінде қолжетімді болады. Бірнеше ауру бойынша қауіп деңгейін алдын ала білуге мүмкіндік береді.
Кванттық машинаны қолдана отырып машиналық оқыту әдісімен адамның бойындағы қант диабетін анықтайтын жаңа тәсіл болып есептелінеді. Бұл ғвлыми жоба әлі патенттелмеген. Өзінің қолдауын күтіп жатқан жоба. Қолдауы болса, демеуі болса бұл жобаның болашағы үлкен деп сенеміз.
Отандық медицинада арнайы компьютерлік бағдарлама ретінде әрине жоқ. Өйткені науқас үй жағлайында гаджеттен, ноутбуктарында сол бағдарлама тұрып, сол арқылы өзінің қауіпті топқа кіретінін біліп, содан соң ол дәрігерге баратын болса ол керемет жоба, қолдар едім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы