Сенат депутаттары өңірлерге сапарын қорытындылады
Бүгін Сенатта депутаттардың өңірлерге сапарлары қорытындыланды. Жұмыс сапары барысында депутаттар мемлекет басшының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған бастамаларды талқылап, Парламент қабылдаған заңдарды жан-жақты түсіндірген. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың сөзінше жалпы, өңірлерде ауқымды, белсенді жұмыс жүргізілді. Облыстар мен ауылдардағы өзекті проблемалар көтеріліп, оларға баса мән берілді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Ендігі мақсат – сол кездесулерде айтылған мәселелерде депутаттық сауалдар жариялап, азаматтарды алаңдатқан түйткілдерді тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу және оларды шешу жолдарын бірлесіп әзірлеп, дұрыс септігімізді тигізу.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18