Торғай өзенінің балығы қырылуы мүмкін
Қостанай облысының Жангелдин ауданының тұрғындары Торғай өзенінің балығы жаппай қырылуы мүмкін деп дабыл қағуда. Бұл Түйемойнақ ауылы мен Қарғалы қыстағының маңындағы көрініс. Ал кей жерде су бетіне ыршып, жағаға шығып жатыр. Жауапты мекеме өкілдері себебін анықтап, жедел шешім шығару үшін ауданға бір топ маман жіберді. Олар су нысандарын тексеріп, сынама алады. Сондай-ақ комиссия құрамында азаматтық қорғау, санитарлық бақылау, полиция және ветеринария өкілдері де бар.
Виктор Мұхамеджанов, Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
Химиялық, физикалық көрсеткіштерін тексеру үшін су сынамасы алынады. Сараптама нәтижесіне сай алғашқы жұмыс жоспары тағайындалады. Былтыр да осындай жағдай тіркелген еді, оның себебі – оттегінің жетіспеуі. Алайда зерттеу қорытындысынсыз қазір алдын ала шешім шығаруға болмайды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21