Медицина саласын жүйелі қолдау нәтиже бере бастады
Мемлекет медицина қызметкерлеріне нақты қолдау көрсетіп келеді. Жалақы өсіп, сала мамандарының қоғамдағы мәртебесі артты. Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында денсаулық сақтау нысандарының көбеюі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратынын атап өтті. Бұл алғашқы медициналық-санитариялық көмекті күшейтіп, қолжетімді медициналық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Шымкентте де сала жүйелі түрде дамып келеді. Өткен жылы 54 дәрігер шетелдің озық клиникаларында біліктілігін арттырды. Қалада 1 жүрек, 17 бүйрек трансплантациясы және 1 140 жоғары технологиялық операция жасалды. Соның нәтижесінде медициналық туризм дамып, Шымкентке шет мемлекеттерден емделуге келетін науқастар саны артты.
Бақытжан Абдуллаев, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Медицина саласына әрқашан тоқталып өтеді. Ол жердегі өзекті мәселелерге, оны ары қарай дамыту бойынша. Мысалы өткен 2025 жылы Рессей Федерациясынан тағы да басқа мемлекеттерден келіп емделген науқастар бар. Олар бізде көбінесе нейрохирургиялық, кардиохирургиялық оталарға келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы