ШҚО-дағы боран соңы аязға ұласады
Шығыста да қарлы боран соғып тұр. Дәл қазір өңірдегі
республикалық маңыздағы бірнеше бағыттағы жол жабық тұр. Сондықтан «ҚазАвтоЖол»
мекемесі шектеу енгізді.«Қазгидромет» орталығының болжамы қалай?
Олжас Керейхан, тілші:
«Қазгидромет» орталығы шығыста әуелі қар жауып боран соғатынын бірнеше тәулік бұрын хабарлаған. Қазір Өскеменнің өзінде қарлы боран ұйтқып соғып тұр. Бүгін таңертең аймақтағы автокөлік жолдары бірінен соң бірі жабылды. Әуелі Өскемен – Семей аралығы одан соң Өскемен – Талдықорған – Алматы және Өскемен – Алтай – Қатон-Қарағай бағыттарына шектеу қойылды. Бұл республикалық жолдар. Ал облыстық маңыздағы Шемонайха қаласы мен Секисовка ауылының арасы да жабық тұр. Төтенше жағдайлар қызметі өңірдегі жолдардың жағдайы туралы ақпаратты және күн етегі жабылғанша халыққа алыс жолға шықпау туралы ескертуді сәт сайын жіберіп жатыр. Ал ауа райын болжау орталығы кешке қарай боран басылатынын хабарлады. Есесіне сақылдаған сары аяз болады. Тіпті аптаның соңына қарай түнде -37-39, ал күндіз 33-35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00