Басты Жаңалықтар «Абай жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

«Абай жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

Семейде «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдана бастады. Өңірлік жобаның негізінде 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтарға жеңілдетілген несие беріледі. Бағдарлама арқылы баспана алуға медицина, білім, әскерилер мен құқық қорғау саласы мамандары, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің мүмкіндігі бар.

2022 жылдан бастап іске қосылған жоба арқылы өңірде жыл сайын тұрақты табысы бар 50-ге жуық жас баспаналы болады. Биыл да бюджеттен қомақты қаржы бөлініп отыр, дейді мамандар.

Маржан Мақсұтқан, Семей қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Бұл бағдарламаға бюджеттен 600 млн теңге бөлініп отыр. Сол 600 млн-ды қалай игереміз – бағдарлама аяқталады. Қазіргі болжам бойынша әрбір азаматқа 20 млн теңгеден беріледі. Сол 20 млн теңге көлемінде үй тауып, «Отбасы банк» арқылы рәсімделеді. Яғни, 40 шақты отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.


Бөлісу