Былтыр 40 мыңнан аса көлікке жалған нөмір тағылғаны анықталған
Елімізде екі күн аралығында 500-ден астам көлік жүргізушісі жалған мемлекеттік нөмір тағып жүргені анықталды. Полицейлер қазір осы бағытта жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Ереже бұзған азаматтарға айыппұл салынып, сот шешімімен басқа да жаза қолданылып жатыр. Жүргізушілер көбіне ақылы жолдан өту, жылдамдықты асыру және жүк көлігіндегі салмақты көрсетпеу үшін жалған нөмірлерді қолданады. Былтыр тұтас ел бойынша 40 мыңнан аса осындай заң бұзу фактісі анықталған.
Нұрсұлтан Райымбаев, Бас көлік прокурорының аға көмекшісі:
Біздің мақсатымыз жол-көлік оқиғаларын болдырмау және алдағы жоспарда осы бағытты цифрландыру. Камералар цифрландырып, интгерациялап, күнделікті полицияларға түседі. Солар автоматты түрде шара қабылдайтын болады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58