Жамбыл облысында жылына 8 мың тонна балық өсіреді
Жамбыл облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Былтыр өңірде 2 мың тонна балық өсірілсе, алдағы төрт жылда 8 мың тоннаға жеткізу жоспары бар. Өрнек ауылындағы шаруа қожалығы балық өсірушілерге жалға жер береді. Былтырдан бастап балықтың бабын табуға өздері де ден қойған. Былтыр жасанды көлге 30 мың шабақ жіберген. Таудың таза суында фарель балықтары тез әрі жақсы жетілетінін айтады.
Айбас Әбжапаров, қожалықтың бас маманы:
Көріп тұрғаныңыз барлығы - фарель. «Радужный фарель» дейміз. Бұны осы шабақ күйінде 5 граммдық кезінде алдық. Сөйтіп осында жібердік. Енді 6 айдың көлемінде балықтар 300 граммнан 500 грамм аралығында өсті.
Бүгінде аймақта 30-ға жуық кәсіпкер тауарлы балық өсірумен айналысады. Өңірде 131 су айдыны бар оның 97-сі қолданыста. Ал мемлекет тарапынан акваөсіру бағытына 200 млн теңге субсидия беріледі. Талап бойынша кәсіпкер иелігінде жасанды су айдындары болуы тиіс.
Азамат Қабдуғалиев, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
Президенттің бағдарламасына байланысты биыл Жамбыл облысында балық шаруашылығы өте қарқынды дамып келеді. Жамбыл облысында 131 су айдыны бар. Оның 42-сі өзендік тауарлы және 14-і кәсіпшілік, 30-ы әуесқой, 45-і бос тұрған қосымша.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы