Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды
Бүгін Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды. Сондай-ақ Президент өзге де бірқатар маңызды заңдарды бекітті. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Мамандар Қазақстанда жаңа цифрлық Кодекстің қабылдануы - жыл басындағы маңызды оқиға деп біледі. Өйткені бұл құжат азаматтардың құқығы мен жеке деректердің мемлекет деңгейінде қорғалуын қамтамасыз етеді дейді.
Айгүл Жүргенова, ҚР ЖИЦДМ Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті директорының орынбасары:
Соның ішінде кодексте дербес деректерді қорғау бойынша, оларды заңсыз пайдалану, оларды анонимизациялау, жою бойынша көптеген ноомалар қарастырылған. Сонымен қатар цифрлық деректер айналымын көздейтін платформалар болады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00