Қайтарылған активтер есебінен 200-ден астам жаңа нысан салынды
Соңғы екі жылда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде олигополия субъектілерінен 1 трлн 300 млрд теңгеден аса өндірілді. Оның ішінде мемлекет пайдасына 1 трлн 76 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражат пен мүлік қайтарылды. Бұл қаражат есебінен еліміздің барлық өңірінде жоспарланған 434 әлеуметтік және коммуналдық нысанның 200-ден астымының құрылысы толықтай аяқталды. Оның ішінде 140 медициналық, 66 сумен жабдықтау, 2 спорттық және 2 білім беру нысандары халық иігілігіне берілді. Олардың дені шағын қалалар мен ауылдарда салынды. Сондай-ақ, олигополия субъектілерімен құны 5 трлн теңгеден астам инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасалды. Ал ел экономикасына 25 трлн теңгеден астам инвестиция салған 2 мыңға жуық инвесторға құқықтық көмек көрсетілді. Қадағалау және үйлестіру шараларының нәтижесінде бизнеске қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны екі есе азайған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы