Кәсіпкерлерге салық реформасы түсіндірілді
Жаңа салық кодексі кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Атырауда шағын бизнес өкілдерімен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов осындай пікірде. Жиынға қатысушылар жаңа реформа аясындағы өзекті мәселелерді көтерді. Бұдан бөлек бағаның өсуі , шекарадағы кеден қиындығы секілді мәселелер көтеріліп, оның да шешу жолдары қаралды. Мәжіліс депутаты жаңа салық кодексінің негізгі бағыттарын түсіндіріп, әрі қарай жұмыс істеу жолдарын талқылады.
Айтуар Қошмамбетов, Мәжіліс депутаты:
Шағын кәсіпкерлер жеңілдетілген режимде істей ала ма, істей алмай ма, ірі кәсіпкерлермен қарым-қатынас жасай ала ма деген сұрақ туындайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар қалай жұмыс істейді. Сонымен қатар өндірушілердің сұрағы Қазақстандық реестр. Осы сұрақтар мазалайды. Енді жылдың басынан бастап көптеген өзгерістер еніп жатыр. Біз депутат ретінде қабылданған заңдардың барлығын халыққа түсіндіру арқылы, жеткізу мақсатында аралап жүрміз.
Петропавлда жылына 2400 тонна саңырауқұлақ өсірілмек.
Ашылғанына бір ай толмаған ферма алғашқы өнімін басқа облыстарға жеткізіп үлгерді. Өңірге жұмыс сапарымен барған депутаттар жаңа нысанның жұмысымен танысты. Мұнда болашақта саңырауқұлақты өсіріп қана қомай, өңдеу желісі ашылмақ. Жергілікті жерде өндірілген тыңайтқыш пайдаланылады. Фермада 60-тан астам жұмыс орны ашылды. Жоба құны 11 млрд теңге. Саңырауқұлақ өсіру процессі барынша цифрландырылған. Кәсіпорын басшылығы болашақта өнімді көршілес мемлекеттерде экспорттауды жоспарлап отыр.
Әсем Рахметова, Сенат депутаты:
Елімізде 2 ғана осындай кәсіпорын бар екен. Біздің облысымыз үшін үлкен жетістік. Алға басатын бір озық технологиялармен таныстық. Бұл кәсіпорынның да басшылары салыққа қатысты, өзге де өздерінің ұсыныстарын айтып жатыр. Енді солар бойынша жұмыс атқарылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы