Басты Жаңалықтар БҚО-да жаңа DATA-center салынады

БҚО-да жаңа DATA-center салынады

Цифрландыру жылы аясында Батыс Қазақстан облысында жаңа DATA-center салынады. Қытайлық кәсіпорын индустриады  аймақта тағы 14 инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Ал «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы облысқа тағы 17 шетел инвесторын әкелмекші. «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы» индустриалды  аймағында кәсіпорындар жалпы құны 370 млн АҚШ доллары болатын инвестициялық жобаларды іске қосады. 1500-ден астам жұмыс орны ашылады. Құрылыс, химия, жеңіл өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика саласында ірі зауыттар салынады. Бұл «Қолжетімділік үшін төлем» атты жаңа пилоттық жобаның аясында іске асады.

Сұлтанғали Кенжеқұлов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Қытайлық инвесторлар үлкен DATA-center салады. Мысалы сіз қолданатын Каспи банк ақпараттың бәрін осы DATA-centerде сақтайды. Сол жинақтаушы көлемдер, DATA-centerлар бізге жетіспейді. Сол үшін осы компания Қазақстанға келіп, үлкен орталық салмақшы. Құны – 30 млн АҚШ долларындай.
Индустриалды аймақ Теректі ауданы Пойма ауылы маңында орналасқан. Оған 281 га жер бөлінген. Инвесторларға құрылыс салу үшін жер учаскесі беріледі. Газ, су, жол, электр желісі тартылады. Әкімдік, инвестор және «Kazakh Invest» компаниясы үшжақты өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
Индустриялық аймақта біз 34 МегаВаттық электр стансасын қойғалы жатырмыз. Бұл – осы инвестордың жобасы. Біздің міндетіміз – индустриялық аймағымызды тиісті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайындап беру және жер мәселесі, басқа да сұрақтарды тез арада шешім қабылдап, шешіп беру.


Бөлісу