Басты Жаңалықтар 300 мыңнан аса азаматтың құқығы қорғалды

300 мыңнан аса азаматтың құқығы қорғалды

Былтыр прокурорлар 300 мыңнан астам азаматтың әлеуметтік құқықтарының бұзылуына жол бермеді. Мәселен, сот саласында мыңға жуық сот актісін қайта қарап, сотталған 150 адамның жазасын жеңілдетті. Әртүрлі санаттағы істер мен құқық бұзушылықтар бойынша 3 мыңға жуық шешімге өзгеріс енгізілді.

Сонымен бірге заңсыз қудаланған мыңнан астам адамның құқығы қорғалды. Бас прокуратура өкілдерің ақпаратынша, өткен жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптау фактісі 56%-ға азайды. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі 34%-ға төмендеген. Ал сотталғандардың жұмыспен қамту 16%-ға артты. Бұдан бөлек есірткі қылмысына қарсы күрес аясында прокуратура қылмыстық жолмен алынған табысты бұғаттау тетігін іске қосты. Нәтижесінде 2,6 млрд теңге болатын 222 мыңнан астам «дропперлік» шот бұғатталды. Құны 10 млрд теңгеден асатын активтерге тыйым салынды. Оған қоса Қазақстан қылмыстық-құқықтық салада өзара іс-қимыл мен құқықтық көмекке қатысты төрт халықаралық келісімді ратификациялады. Жыл ішінде күдіктілерді шетелге экстрадициялау бойыншы 69 сұрауды қанағаттандырды.


Бөлісу