Атырауда 6 жыл бұрын жөнделген стадион жабылып қалды
Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионы жөндеуге жабылды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлінген. Енді мердігер анықталып жатыр. Өткен ғасырдың 50 жылы салынған нысан бүгінгі уақытқа дейін тек екі рет қайта жаңғыртудан өткен. 2019 жылғы жөндеу кезінде жаңа трибуналар, газон, табло, жарық шамдар орнатылған еді. 6 жыл ішінде-ақ тозығы жетіп, ойынға жарамсыз болып қалған. Жүгіру алаңы да оңып тұрған жоқ. Өңірдегі басты стадион жабылып қалған соң «Атырау» футбол клубы ел чемпионатында ойындарды басқа қалада өткізуі мүмкін. Бұл клуб басшылары мен жанкүйерлерді алаңдатып отыр.
Фархат Өмірзақов, «Атырау» футбол клубының жанкүйері:
Жанкүйерлердің барлығы өзінің қаласында, өзінің керемет эмоция шығару үшін футбол тамашалағысы келеді. Өзі бір айналдырған бір-ақ команда жанкүйер боп жүрген. Жөндеу жұмыстарының жүретін қолайсыздау боп тұр. Тезірек ашылса, өз құрамамызға шын жүректен жанкүйер болғымыз келеді.
Қуандық Жақиялиев, «Атырау» ФК басшысы:
Бұл жерде төртінші категориялы стадион қажет болуы керек. Яғни оған 3 мыңдық трибуна және айналасының барлығы сәйкес болуы керек. Жарықтандыруы бар және басқалары бар. Сонымен қатар наурыз айындағы ойындарды қазір біз ҚФФ-мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. бастапқы 2-3 ойынды Түркістан, Ақтөбе немесе Қызылорда қалаларында ойнау мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04