Басты Жаңалықтар Халықтан заңсыз ақша жинаған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

Халықтан заңсыз ақша жинаған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

Бүгін науқас баланың еміне қаражат жинап, оны жеке мақсатта пайдаланды деп күдікке ілінген ерлі-зайыптыға қатысты сот үкімі шықты. Толқын Тотақанова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда  кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, жазасын өтеу 2 жылға кейінге шегерілді. Сондай-ақ 10 жылға дейін қайырымдылық мақсатта қаражат жинауға тыйым салынды.

Қанат Тобағалиұлы, сот төрағасы:

Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза ретінде 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, қайырымдылыққа қаражат жинауға байланысты қызметпен 10 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленсін.

Күйеуі Даулет Тотақанов та 7 жылға сотталды. Жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Ол да 10 жылға дейін қайырымдылықпен айналысу құқығынан айырылды және көлігі, тұрақ орны, Қосшыдағы жер учаскесі тәркіленді.

Еске салсақ, Тотақановтар инстаграм желісі арқылы 1,3 млрд теңге жинап, баланың еміне небәрі 6,5 млн теңге жұмсады деген күдікке ілінген еді.


Бөлісу