Саран индустриалды аймағында жаңа зауыт жұмысын бастады
Қарағанды облысының Саран индустриалды аймағында елімізде теңдесі жоқ болат құбыр зауыты жұмысын бастады. Кәсіпорын құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар үшін соның ішінде мұнай-газ секторын өніммен қамтамасыз етпек. Өңірге барған депуттар зауыттың жұмысымен танысты. Бүгінде мұнда 400-ге жуық адам еңбек етуде. Кәсіпорын жылына 300 мың тоннаға дейін болат өндіре алады. Жоба «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» аясында жүзеге асырылуда.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шағын қалаларды дамытпайынша, еліміздің экономикасын көтеріп алу деген мүмкін емес. Сондықтан индустриалды аймақтардың дамуы, ірі кәсіпкерлерді осы жұмысқа тарту - осының барлығы белгілі деңгейде мемлекеттің бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатыр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25