Алматыда метроның жаңа желілері салынбақ
Алматының жаңа бас жоспарына сәйкес метроның жаңа желілері салынбақ. Жақында Қалқаман станциясы мен одан әрі Барлық бағытына дейін аумағы 5,3 км болатын тағы үш станцияны іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар «Райымбек батырдан» «Алматы-1» вокзалына дейін 5 станция қосу жоспарланды. Жолаушылар ағынын азайту және қаланың орталығын өзара байланыстыру мақсатында «Қазақфильм» бағытына қарай тағы бір тармақ салынады. Бұдан бөлек «Жібек жолы» станциясынан әуежай аумағына дейін 8 станция қолданысқа беріледі. Бұл әуе айлағы мен қала арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетпек. Жоба аясында қала аумағын ғана емес, маңайдағы елді мекендерді де қамтитын ірі стансалар қарастырылған. Сонымен бірге болашақта Алатау қаласымен байланыстыратын жеке метро желісі салынады. Жобаны іске асыру барысында қолданыстағы нормативтік талаптар ескеріліп, инженерлік-геологиялық, сейсмикалық жағдайлар сараланады, дейді әкімдік өкілдері.
Айбар Жанболатов, «Метрополитен» КМК-нің бөлім басшысы:
Метро желісін, бағытын салу қазір жоспар жүзінде. Бұл жоспарда қарастырылып жатқаны - оптималды, тиімді станцияларды орналастыру орны. Қайдан қаражат алатынымыз қарастырылып жатыр. Метроның созылу пайдасы көлік кептелісін азайтады, халықтың уақытылы жетуіне ықпал етеді әрі экологияны жақсартады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы