ШҚО-да бастауыш сыныптар қашықтан оқып жатыр
Шығыста аяз қаһарына мінді. Өткен түнде аймақтағы бірқатар солтүстік ауданда термометр бағанасы -30-32 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан бүгін Алтай, Қатонқарғай және Күршім аудандарындағы бастауыш сыныптар қашықтан оқып жатыр. Қатты аяздың салдарынан кеше сағат 20:00-ден бастап кейбір бағыттар бойынша дизельмен жүретін көліктерге шектеу енгізілді. Ауа райын болжау орталығы мамандары аймақта ертеңнен бастап күн қайтадан күрт жылынатынын хабарлады. Тіпті оңтүстік аудандарда +2 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан таулы өңірлерде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бірақ келер аптада қайтадан қатты аяз түседі.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05