Шымкентте заңсыз мұнай тасымалының жолы кесілді
Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкере болды. Полиция жанар-жағармайды заңсыз тасымалдап, сақтап және сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Тергеу дерегінше, қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен қоян-қолтық жұмыс істеген кәсіпорындардың қызметкерлері тартылған. Ұрланған отын бірнеше арнайы базада сақталып, заңсыз сатылған. Көлеңкелі қаржы айналымы 1 миллиард теңгеден асады. Тінту кезінде 17 тоннадан астам жанар-жағармай, қомақты ақша, отын айдау құралдары мен автоцистерналар тәркіленді.
Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16