Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жаңа мектеп салынды
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 2024-інші жылғы су тасқыны кезінде бүлінген мектептің орнына жаңа білім ордасы салынды. Жобаға Үкімет резервінен және жергілікті бюджеттен 2 млрд, 300 млн теңге бөлінді. Нысанның жалпы ауданы 5 800 шаршы метрге жуық. Ғимарат заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда тасқын кезінде Ойыл ауылына көшірілген Екпетал ауылының балалары да оқиды. 2 жыл бұрынғы су тасқыны кезінде облыстың бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланған еді. Білім саласы бойынша бес нысанды жаңадан салуға шешім қабылданды. Бұл жобалардың жалпы құны алты миллиард теңгеден асады.
Гүлмира Садақбаева, аудандық білім бөлімі басшысының м.а.:
Заманауи талаптарға сай үш қабатты, 320 орындық жаңа мектеп бой көтеріп, ел игілігіне берілмек. Бұл білім саласындағы маңызды жаңғыру. Жас ұрпақтың жарқын болашағына жасалған үлкен қадам.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16