Ақшасыз қалған марокколыққа ақтаулықтар көмектесуде
Ақтаулықтар қаражатсыз қалған шетелдік азаматқа қол ұшын созды. Марокколық Эль-Хатири Осама, Маңғыстауға желтоқсан айында саяхаттап келген. 27 жастағы азамат Астана, Алматы қалаларына да баруды жоспарлаған. Алайда қаражаты таусылып, Ақтаудан кете алмай қалған. Тұрғындардан көмек сұрап, олар оны «Біз адамбыз, біз біргеміз» қорына жеткізіпті. Айтуынша өзі әуесқой футболшы, мейрамханада жұмыс істейді. Үйінде жалғыз анасы күтіп отыр екен. Ал аталған қордың өкілдері шетелдікке жан-жақты қолдау көрсеткен. Пәтер жалдап, азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Енді еліне қайтару үшін, қаражат жинап жатыр.
Иман Досмұхамбетов, «Біз адамбыз, біз біргеміз» қорының директоры:
Визасы 16-да бітеді екен. Сол енді сбор жасап қазіргі таңда 121 мың 300 теңге түсті. СКЛ: Біз уақытын созбай Турцияға алып, Турциядан Мароккоға шейін, Касабланкаға шейін билет алайын деп отырмыз. 500 мыңдай енді билетін алып, қалғанын қолына ұстатып аман-есен үйіне жеткені жақсы ғой.
Әл Хатири Осама, Марокко азаматы:
Мен осы айдың он бесіне дейін Мароккоға қайтуға үміттенемін. Маған қол ұшын созған қазақ халқына және осы ұйымға үлкен алғыс айтамын. Мұндай қиын сәтте көрсетілген көмекті мен ешқашан ұмытпаймын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16