Абай облысында «Таза Қазақстан» шарасы биыл да жалғасады
«Таза Қазақстан» - жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді. Осылай деген Президент өз сұхбатында акцияның алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Өткен жылы тек Абай облысынан игі шараға 350 мыңға жуық тұрғыны қатысқан. 182 мың аула, 3 055 саябақ пен сквер, сондай-ақ тарихи ескерткіштердің аумағы тазартылып, 52 мың тонна қоқыс шығарылған. Акцияда әсіресе жастар белсенділік танытты.
Ерсінбек Өрлеубек, облыстық Достық үйінің әдіскері:
Шынымен де бұл Президенттің бастамасымен қолдау алған мемлекет көлемінде өте ауқымды жобалардың бірі болды. 2025 жылы жалпы Абай облысы көлемінде жастардың ұйымдастыруымен 400-ден астам осы «Таза Қазақстан» акциясы аясында акциялар ұйымдастырды. Оның ішінде, жаңағы, барлығымыз барып демалатын облысымыздағы ең жақсы демалыс орындарының бірі – Шүлбі кентіне барып, жағалауды тазалау жұмыстары. Сонымен қатар Алакөлде де сондай, Мақаншы ауданының жастарының ұйымдастыруымен іс-шаралар өтті.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06