«НАS» қаржы пирамидасы: ₸1,2 млрд мүлкі тәркіленді
Павлодар облысында қаржы пирамидасына алданған азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алынбақ. Олардың қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғындық емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар. Жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде ақша қайтарылды. Сонымен қатар салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын жер учаскелерінмен бірге ірі ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Тергеу жалғасуда.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 млн теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түсті. Қаржылық мониторинг агенттігі «НАS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы