Басты Жаңалықтар Депутаттар халықпен кездесуде

Депутаттар халықпен кездесуде

Түркістан облысына барған Сенат депутаттары Мақталы ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының жұмысын көрді. 200 бас ірі қараны бордақылап отырған қожалықтың өнімін  негізінен Жетісай мен Мақтаарал аудандарының халқы тұтынады. Жылына 500 басқа дейін ірі қараны бордақылап, 150 тонна ет өндіреді. Сонымен қатар, сенаторлар Асықата кентінде жеке инвестор есебінен салынған заманауи үстел теннис орталығында болды. 1 гектар аумақта орналасқан кешенде  200 адам жаттыға алады. Мұнда жеткіншектер күрес және бокспен айналысады. Жаңа ғимаратты аралап көрген халық қалаулылары жергілікті депутаттармен және спорт саласының мамандарымен кездесіп, пікір алмасты.  Сондай ақ орталық аурухананың  құрылысын көріп, мамандармен кездесті. Медицина мекемелерін қаржыландырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:
Көптеген мәселе айтылып жатыр. Соның ішінде, мысал үшін, әлеуметтік салаға қатысты мәселелер көбірек көтеріліп жатыр. Ауылдағы медицинаның жағдайы, сол сияқты мектептегі мұғалімдердің алатын жалақысын көбейту мәселесі, елдімекендерді көріктендіру. Негізінен біз айтылған мәселелерді жазып алып, тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс істейміз.

Бюджеттегі әр теңгенің қайда жұмсалғаны туралы ақпарат енді сандық жүйеде сақталады. Мұндай жаңашылдық жемқорлықтың жолын кеспек. Мәжіліс депутаттары Қостанай облысына жұмыс сапары барысында осы сынды жаңа технологиялардың мүмкіндігі мен киберқауіпсіздік жайын талқылады. Сондай-ақ алдағы бірнеше жылда халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы процестің дені толық электронды жүйеге көшпек. 

Еркін Әбіл, Мәжіліс депутаты:
Цифрландырудың 3 негізгі мақсаты бар. Ең бастысы әр процесс ашық болуы керек, екінші бұл - қолжетімділік. Әрбір мемлекеттік қызмет болсын, басқа қызмет болсын. Үшінші, күнделікті жұмыстағы көмек. Бүгін біз қала басқару ісінде ЖИ қандай көмек көрсетеді деген мәселені қарастырдық.


Бөлісу