Бас прокуратура жаңа алаяқтық схема туралы ескертті
Бас прокуратура жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді. GhostPairing деп аталатын тәсіл арқылы қаскөйлер WhatsApp паролін бұзбай-ақ аккаунтқа кіре алады. Оны жүзеге асыру үшін алаяқтар Facebook немесе WhatsApp желісі арқылы хабарлама жібереді. Ол хабарлама жалған парақшаларға бағыттайды. Растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін алаяқтар автоматты түрде өзгенің аккаунтына қосылып, WhatsApp-қа толық қол жеткізеді. Яғни хаттарыңызды оқып, суреттеріңізді көре алады. Ең қауіптісі – смартфон әдеттегідей жұмыс істеп тұрады, пайдаланушы ештеңені байқамайды дейді. Сондықтан прокуратура кез келген сілтемелерге өту қауіпті екенін ескертеді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06