Аграрлық саладағы түйткілдер талқыланды
Ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінетін грант санын арттырып, студенттердің шәкіртақысын көтеру қажет. Ал оқу бітірген жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін кешенді мемлекеттік бағдарлама керек. Осы сынды түйткілдер Аграрлық мәселелер бойынша Парламент Мәжілісіндегі тиісті комитеттің мүшесі Жигули Дайрабаевпен болған кездесуде талқыланды. Депутат Абай облысына барған сапарында ауыл шаруашылығы мамандарымен және осы сала бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті. Мемлекет басшысының «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатындағы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысы талқыланды. Жиында агро саладағы мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы айтылды.
Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мал дәрігері жетіспейді, агрономдар жетіспейді, инженер жетіспейді. Міне, осыдай мамандар керек деп, жастармен сөйлескенде оларды ауылға шақырдым. Көп жағдайда облыс орталықтарында, орталық қалаларда білім алады, бірақ ауылға бармай қалып қалады. Біраз мәселе көтерілді. Ауыл шаруалығы мамандығын алған азаматтарға да медицина мамандары сияқты, мұғалімдер сияқты жәрдемақы жағынан көмек беру жағы айтылды. Бұл мәселені де қолға алу керек.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04