Басты Жаңалықтар Ет экспорты бойынша шектеу қалай жүзеге асады?

Ет экспорты бойынша шектеу қалай жүзеге асады?

31 желтоқсаннан бастап елде етті экспорттау бойынша шектеулер енгізілді. Яғни, Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне тек 20 мың тонна ет шығаруға арналған квота бөлінді. Бұл норма 30 маусымға дейін қолданылады. Квота көлемі ет өңдеу кәсіпорынының бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты беріледі. Мәселен, 5 мың бас малға – 1 мың тоннаға дейін, 10 мың басқа – 2 мың тонна, 15 мың бас – 3 мың тонна, 20 мың бас – 4 мың тонна, 50 мың бас және одан көп болса – 10 мың тоннаға дейін квота бөлінеді.
Уақытша шектеу не үшін қажет? Кейбір компаниялар мен шағын сою цехтары мал бордақыламай, өз өндірістік базасын дамытпай, тек қайта сатумен айналысқан. Салдарынан делдалдық, алыпсатарлық белең алып, ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді. Жаңа тәртіп мұндай делдалдарды экспорт нарығынан ығыстырып, нақты мал өсіріп, өндіріске инвестиция салып, халықты жұмыспен қамтып отырған шаруаларды ғана қалдыруды көздейді.

Бөлісу