Зейнетақы жинағын заңсыз шешкен тіс емханасы қызметкерлері тергеліп жатыр
Зейнетақы жинағынан заңсыз ақша шығарған тіс емханасы қызметкерлері тергеліп жатыр. Іске қатысы бар 14 адам ұсталған еді. Олардың басым көпшілігі Атырау қаласынан. Күдіктілер тіс емдетті деген формальды шарттар жасап, қаражатты жалған медициналық құжаттар арқылы шешкен. Осы көмегі үшін олар қаржының 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға 42 клиниканың қатысы бар. Жалпы шығарылған қаражат 200 млрд теңгеден асады. 11 күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады. Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04