Ескі көліктерге салық азайды
1-ші қаңтардан бастап ескі көліктерге салық азаяды. Бұл жаңа жылдан бастап Салық кодексіне енгізілген бірқатар өзгеріс аясында іске аспақ. Яғни жеңіл көлік салығын есептеу тәртібі өзгеріп, пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттері қолданылады. 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктерге 0,7, 20 жылдан асқан көліктерге 0,5 коэффициенті енгізіліп отыр. Яғни көлік неғұрлым ұзақ уақыт жүрсе, соғұрлым төленетін алым мөлшері азаяды. Салық көліктің қозғалтқыш көлеміне байланысты есептеледі және жыл қорытындысы бойынша төленеді.
Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР ҚМ басқарманың бас сарапшысы:
10 жылдан бергі ескі көліктер көп қой, олардың қолданысқа енгеніне, ҚР тіркелгеніне 20 жылдан асып кетті. Оларға түзету 0,5 коэффицентін қолданып, оларға төлену керек салық мөлшерінің жартысын ғана төлеуге мүмкіндік береді. Яғни сіз аз салық төлейсіз оған.
Айта кету керек, жүк көліктеріне бұл өзгерістер қолданылмайды. Сонымен қатар, бұған дейін 2013 жылдан кейін Қазақстанда құрастырылған немесе шетелден әкелінген автокөліктер үшін бөлек есептеу коэффициенті болған. Бүгінде бұл айырмашылық алынып тасталып, көліктің тіркелген уақытына қарамастан салық барлық автокөлікке бірдей тәртіппен есептеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы