Шымкентте сотталғанды азаптағандарды тергеу басталды
Шымкенттің түзету мекемесінде сотталғандарды азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық прокуратураның мәліметінше №53 түзету мекемесінің қызметкерлері екі сотталушыны режимдік тәртіпті бұзды деп қатігездікпен ұрып, соғып, азаптаған. Бастапқыда билікті асыра пайдалану дерегі бойынша тіркелген іс, кейін азаптау фактісі бойынша қайта сараланды. Қазіргі уақытта үш лауазымды тұлға қамауда, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Жәбірленушілер басқа түзету мекемесіне ауыстырылды.
Нұржан Серікбаев, Шымкент қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп тексеру басқармасының бастығы:
Іс бойынша қазіргі таңда үш лауазымды тұлға күдікті деп танылып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу сотымен санкцияланды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚПК 201 бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16