Зейнетақы жинағын заңсыз алған тіс емханасы қызметкерлері тергелуде
Зейнетақы жинағынан заңсыз ақша шығарған тіс емханасы қызметкерлері тергеліп жатыр. Іске қатысы бар 14 адам ұсталған еді. Олардың басым көпшілігі Атырау қаласынан. Күдіктілер тіс емдетті деген формалды шарттар жасап, қаражатты жалған медициналық құжаттар арқылы шешкен. Осы көмегі үшін олар қаржының 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға 42 клиника тартылған. Жалпы шығарылған қаражат 200 млрд теңгеден асады. 11 күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады. Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04