Маңғыстауда қалдықтан энергия өндіретін зауыт салынуы мүмкін
Маңғыстауда тұрмыстық қатты қалдықтарды жағып, электр энергиясын өндіретін зауыт салынуы мүмкін.
Осы мақсатта бұл салада тәжірибесі бар инвесторлар тартылмақ. Бұл туралы өңірге жұмыс сапармен келген Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлімдеді. Ол үшін аудандардың қоқысын бір жерге жинап, әлемнің алпауып елдері қолданып жатқан жаңа технология арқылы жағып, электр энергиясын өндіру ұсынылып отыр. Депутат Мұнайлы ауданындағы тұрмыстық қалдықтар көмілетін полигонның жұмысын көріп, ескі технологияның тиімсіздігін алға тартты. Аталған полигонға күніне 1300-1400 текше метрге дейін қоқыс көміледі. Бұл жылына 120-130 мың тоннадай қатты қалдық.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Көп адам ойлайды, мына қоқысты жаққан кезде иіс пайда болады дейді. Олай емес, қазіргі жаңа технологияларда арнайы температурамен жағады мың градустың үстінде, диоксиндер, басқа да заттардың бәрін жояды. Арнайы катализатор, фильтрлер қояды да, бүкіл шығып бара жатқан лас газдардың бәрін ұстап қалады. Одан шыққан күлді одан құрылыс материалдарын жасайды. Біз де сол технологияларды осы өңірге әкеліп, инвесторларды тартып, мына өзіміздің ең үлкен проблемамызды шешуіміз керек деп ойлаймын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
60-қа жуық ғылыми жобаға қаржы құйылды
06.01.2026, 20:57
Алматы облысында орталық су құбыры 4 жылдан бері аяқталмай тұр
06.01.2026, 20:50
Алматыдан Балиге тікелей рейс ашылуы мүмкін
06.01.2026, 20:48
Теміржол бойындағы еңбек адамы
06.01.2026, 20:42
«Таза Қазақстан»: Елордалық еріктілер қарттарға көмек көрсетті
06.01.2026, 20:36
Дәрі-дәрмек бағасына қоғамдық бақылау жүргізілді
06.01.2026, 20:19
2026 жылы ипотекада не өзгереді?
06.01.2026, 20:18
Қызылорда облысында желшешек ауруын жұқтырғандардың 85,6 пайызы балалар
06.01.2026, 20:18