Басты Жаңалықтар Таразда өрт шарпыған 54 пәтер толық жөнделеді

Таразда өрт шарпыған 54 пәтер толық жөнделеді

Таразда жаңа жыл түні жалын шарпыған 54 пәтер алдағы екі аптада толық жөнделеді. Әулиеата әкімдері баспаналарына кіре алмай жүрген бұқараға осылай деп басу айтты. 

Қазір тұрғындар қонақ үйлерде тұруға мәжбүр. Ал өрттен келген шығын 160 млн теңгеге жетті. Бірақ көлемі тағы артуы мүмкін дейді. Өйткені су өтіп, тұрмыстық техникалар жарамсыз жағдайда.

Айта кетейік, дәл жаңа жыл түні 5-ші шағын аудандағы, 15-үйдің төбесі түгі қалмай жанып кетті. Жалын 900 шаршы метрді шарпыды. Мамандар 36 отбасыны қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген еді. 

Дархан Атшабар, қала тұрғыны:

Линолеумның асты су. Бөлменің төбесі суға толып қалған. Есіктердің бәрі сынып кеткен. Қазір бәрі жақсы. Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Үйіміздің бәрін қалпына келтіріп жатыр.

Көпқабатты үй от шашу салдарынан отқа оранған деген болжам бар. Әуелі өрт 5-қабаттағы балконнан басталған. Бірақ нақтысы комиссия қорытындысынан кейін белгілі болмақ

Нұрсұлтан Исабеков, қала әкімінің орынбасары:

Қатты зардап шеккен 4-5 қабаттар. 15 пәтерден әр қабатта. 30 пәтер қатты зақымданған. Бұлар 100 пайыз. Ал үшінші қабаттағылар бір бөлме, екі бөлме, су өткен пәтерлер бар. Сол пәтерлерде толыққанды жұмыстар атқарылады.


Бөлісу