Кентаудағы жарылыстан зардап шеккен науқастың жағдайы ауыр
Түркістан облысының Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыста жараланған үш науқас Шымкентке жеткізілді. Ал ауыр хәлде түскен 20 жастағы жігіт әлі де Кентаудың орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Еске салайық, оқыс оқиға қаңтардың бірінде түнде болған еді. Бес қабатты үйдің астындағы дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан өрт шығып, сол жерде жұмыс істеген 18 жастағы бойжеткен көз жұмды. Тағы төрт науқас әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген болатын. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Мамандар дәмханадағы жарылыстан бүлінген пәтерлердің шығынын есептеп жатыр. Ал дәрігерлер күйік шалған жігіттің жағдайын ауыр деп бағалауда.
Асқар Жұмабеков, Кентау қалалық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Жағдайы тұрақты ауыр. Науқасқа медициналық авиация желісі бойынша комбустиолог және реаниматолог дәрігерлердің кеңесі ұйымдастырылды. Барлық қажет медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай бақылануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы