Президент экономиканың даму қарқынын арттыру міндетін қойды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Президенттің «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында айқындап берген мәселелері бойынша жұмыс жоспары қаралды. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға қазіргі экономикалық даму нәтижелерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән беріп, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. Бұл – барлық саланы, оның ішінде энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді дамытуға қатысты маңызды бағыттарды қамтиды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы атап өткендей, фискалдық саясатты қайта құру – бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып жүргізілуі тиіс. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіруіміз қажет. Әділетті тарифтер оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет өз кезегінде шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді. Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге ТКШ жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісуі керек.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16