Ел тағдырына әсер ететін ұзақмерзімді бағыт айқындалмақ
«Саяси жүйені жаңғырту бір реттік науқан емес, бұл – ұзақмерзімді процесс». Президент сұхбатында осылай деді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы айқындаған мәселелер бойынша Сенат белсенді заң шығару қызметін жүйелі түрде жалғастыратынын айтты.
«Сұхбатта қозғалған маңызды тақырыптардың бірі – Парламенттік реформа. Мемлекет басшысы Парламенттің рөлін күшейту билікті орталықсыздандырудың және демократиялық басқарудың маңызды алғышарты екеніне тоқталды. Мұндай өзгерістер Парламентті шынайы саяси пікірталас алаңына айналдыруды көздейді. Мемлекет басшысы биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін ұзақмерзімді бағыт-бағдар айқындалатынын айтты. Бұдан осы жылы экономиканың құрылымы, мемлекеттің рөлі, әлеуметтік
жауапкершілік моделі, технологиялық даму
жолы түбегейлі түрде пысықталып,
ондаған жылға есептелген стратегиялық шешімдер қабылданатынын
аңғарамыз», - деп пікір білдірді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы