Ақтауда ауызсу өндірісі үшін су арнасы тереңдетіліп жатыр
Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының су арнасын тереңдету жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров жеткізді. Аталған су арнасы арқылы энергокомбинатқа сағатына 210 мың текше метрге дейін теңіз суы жеткізіледі. Бұл су электр станцияларының технологиялық қажеттіліктері мен ауыз су өндіруге жұмсалады. Алайда, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінен арнаға келетін судың көлемі азайған. Сондықтан су арнасының түбін тереңдету жұмыстары өткен жылдың соңында басталған. Енді арнаны одан әрі Каспий теңізіне қарай 1200 метрге дейін ұзарту жоспарланып отыр. Парламент Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров жоба жұмысымен танысты.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
ТЭЦ-2 дейтін МАЭККЕ екіге келетін канал бор. Соның да мәселесін және ақша мәселесін шештік. Келесі жылғы бюджет те қаралды. 1,5 млрд теңге ақша. Бұл мәселе де шешілді. Қазір жұмыс жүріп жатыр, тендер ойнатылды. Екі үлкен компания ұтып алып, сол жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы