Жәрдемақы көлемі артты
Елде жәрдемақы көлемі артты. Бұл айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Яғни 1 АЕК енді – 4 325 теңге. Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы бұрын бірінші, екінші және үшінші балаға - 149 416 теңге болса, енді 164 350 теңге. Ал төрт және одан көп баласы барлар үшін 272 475 теңгеге дейін артты. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарға бөлінетін әлеуметтік көмек көлемі ұлғайды. Бұдан былай мүгедектік тобына байланысты 111 мың мен 61 мың теңге аралығында беріледі.
Айыппұл көлемі өзгерді
Айлық есептік көрсеткіштің артуына байланысты айыппұл көлемі
де өзгереді. Енді көппәтерлі үйлерде түнгі уақытта тыныштықты бұзғандар 5 айлық
есептік көрсеткіш, яғни 21 мың теңгеден астам төлейді. Үйді жалға беріп, бірақ
тұрғындарды тіркемесе, баспаның иесіне 43 мың теңге салынады. Жол ережелеріне
келсек, жылдамдықты асырғандар енді 173 мың теңгеге дейін төлейді. Ал қауіпсіздік
белдігін тақпағаны үшін 21 мың теңге салынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы