Жоғалған отбасының телефондары Шымкентте қосылғаны белгілі болды
Атырау облысында жоғалған бүтін бір отбасының телефондары Шымкент қаласында қосылғаны белгілі болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын отбасы, яғни әкесі мен шешесі, 2 баласы қараша айынан бері хабар-ошарсыз. Тек желтоқсан айында ұлы туыстарына хабарлама жазып, сол айдың 10-ы күні келетінін айтқан. Бірақ одан кейін де хабар болмаған соң туыстары 25 желтоқсанда полиция департаментіне арызданған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, ел бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Құттыбай Садықов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:
Республиканың түкпір-түкпірінде іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар емделу орындары және басқа да жеке емделу орындары тексерілуде. Тұлғалардың құрылғылары, ұялы телефондары Қзаақстан аумағынан қосылып-өшірілгені анықталды. Ұшқыр топ құрылды. Ішкі істер Министрлігінен 2 қызметкер бөлінді. Қазіргі таңда оқиға Қызылқоға ауданында біздің топ қызмет атқарып жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04