Басты Жаңалықтар Қостанайда онкологиялық аурудан көз жұматындар 20 пайызға азайды

Қостанайда онкологиялық аурудан көз жұматындар 20 пайызға азайды

Қазақстанда кейінгі 5 жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 20 пайызға төмендеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бүгінде ел бойынша 246 мыңнан астам адам есепте тұр. Олардың 55 пайыздан көбі – еңбекке қабілетті азаматтар. Бес жыл және одан да ұзақ өмір сүретін науқастардың үлесі 63 пайызға жетсе, қатерлі ісікті ерте анықтау көрсеткіші 33 пайыздан асты. Ал 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім деңгейі 61 жағдайға азайған. Министрлік бұл оң өзгерістерді 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың нәтижесімен байланыстырады. Аталған бағдарлама аясында онкологиялық қызметті дамытуға 30,4 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде алты жаңа сызықтық үдеткіш іске қосылып, сәулелік терапиямен қамту деңгейі 61 пайызға дейін артты.


Бөлісу