Мәжіліс депутаттары Астанадағы ардагерлер госпиталіне барды
Мәжіліс депутаттары Астанадағы ардагерлер госпиталіне барды. Мұнда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және оларға теңестірілген азаматтар санатына ондаған жылдар бойы медициналық көмек көрсетіліп келеді. Бүгінде госпитальде 114 төсек-орын бар, оған екі соматикалық және оңалту бөлімшелері, күндізгі стационар, сондай-ақ консультативтік-диагностикалық орталық кіреді. Мекеме штатында 180 қызметкер бар. Олардың арасында геронтология және гериатрия бойынша дайындалған мамандар еңбек етеді. Мұнда соғыс ардагерлерімен бірге, Ауған соғысына қатысқандар, Чернобль апаты мен Семей полигонынан зардап шеккендер тегін ем қабылдайды. Медициналық орталық жылына 5 мыңға жуық пациентке қызмет көрсетеді.
Тілеуқабақ Құсайынов, емделуші:
Мен қан тамырларын кеңейтетін, көктамырішілік алдым. Күнделікті келесің, уақытында кіресің. Күтім бар, қарым-қатынас бар. Мына жерде медбике көңіл сұрайды, мына жеріңіз ауыра ма, қалай деп.
Дәулет Тұрлыханов, Мәжіліс депутаты:
Байқағанымыз, мамандардың біліктілігі, әр адамға дұрыс диагноз қойып, қандай кемшіліктер бар екенін, соның бәрін айтып жатыр. Осындай ардагерлерге көбірек көңіл бөлуіміз керек.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00