Жаңа салық кодексі қолданысқа енді
Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енді. Нәтижесінде бюджетке қосымша 4 триллион теңге шамасында қаржы түсуі тиіс. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева екінші деңгейлі банктердің басшылары, сақтандыру компанияларының өкілдерімен кездесіп, соңғы қабылданған заңнамалық құжаттар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жаңа кодекс салық жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аймақтарға тартылатын инвестицияның артуына ықпал етеді. Қосымша құн салығының өсуі де қажеттіліктен туындап отыр. Жалпы қаржылық сектордағы өзгерістер ел экономикасына оң әсер етуі тиіс.
Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:
Соңғы екі жылдың ішінде біз осы банк туралы, тұтынушыларды қорғау үшін үш заң қабылдадық. Сондықтан бүгінгі менің міндетім – осы банк филиалдарының басшыларына сол заңды түсіндіру сондай-ақ олардың пікірлерін тыңдау.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16