Басты Жаңалықтар ₸140 миллион бюджетке қайтарылды

₸140 миллион бюджетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында бір топ азамат жол, құрылыс, жер мәселесіне қоғамдық бақылау жасап, қазынаға 140 млн теңге бюджет қаражатын қайтаруға ықпал етті.

Мемлекеттік сатып алу порталында заңды бұзып, тауар немесе қызметтің құнын асыра көрсеткен мердігер, мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті әшкереленді. Заңды, жеке тұлғалар сотқа беріліп, жымқырылған қазына қаржысы қайтарылды. Көп жағдайда заңсыздықтар алдын ала анықталып, бюджет қаражаты үнемделді. Қаражат әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл төлеу арқылы да өндірілді. Мәселен, ірі жол құрылысы компаниясына «Барбастау – Ақжайық – Индер» тас жолы құрылысындағы кемшіліктері үшін 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ құзырлы органдар араласуымен кадастрлық құны 511 млн теңге, ал нарықтағы құны 3,6 млрд теңге болатын заңсыз алынған жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Қоғам белсенділері азаматтардың арыз-шағымын да тыңдап, оларға құқықтық көмек көрсетеді.

Бауыржан Зәки, заңгер, қоғам белсендісі:

140 млн теңгені біз бюджетке енгізіп отырмыз. Яғни айына 3-4 млн теңге бюджетке қайтарып отырмыз. Болашақ ауылында кезінде заңсыз алып кеткен жерді. Соны біз прокуратураға жазып, жер инспекциясымен бірге осы жерді қайтардық. Бұрынғы аудан әкімі Кәрім Жакуповтың жері, оны да қайтардық. Бұл жерді ол кезінде аудан әкімі болып тұрған кезінде алып алған.


Бөлісу